jasqazaq.kz

Түркістан: Үздік жедел уәкіл анықталды

17 қыркүйек 2024, 17:30

Жуырда Түркістан облысы Полиция департаментінде үздік жедел уәкілдердің кәсіби-шеберлігін айқындайтын байқау ұйымдастырылды. Бұл байқауға облысқа қарасты 17 аудан, қаладан келген жүйрік жедел уәкілдер бақ сынап, 4 сайыстан тұратын сынақтан өтті.
Атап айтсақ, бірінші кезең спорттық деңгей -100 метрге және 1000 метрге жүгіру, турникке тартылу, екінші кезең — атыс қаруынан нысанаға дәл тигізу, үшінші кезең кәсіби білім деңгейі — Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тест тапсыру бойынша жарысқа түсті. Ал соңғы кезеңде жедел қызметтің жұмысын регламенттейтін заңдар, бұйрықтар бойынша сұрақтарға жауап берді.
Жоғарыда көрсетілген сынақтарды тапсыруда жедел қызметкерлердің, білімі мен дағдылары, олардың табандылығы, адалдығы, батылдығы мен қылмысқа қарсы күрестегі шұғыл тапқырлығына баса назар аударылды.


Комиссия шешімімен ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция капитаны Ермек Шәкім «Ең үздік жедел уәкіл» атанды. Ал ІІ-орынды Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Нұрдәулет Рустем, ІІІ-орынды Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Нурмуханбет Тажібай иеленіп, жеңімпаз атынды.
Ендігі кезекте ПД-нің «Үздік жедел уәкіл» номинациясының жеңімпазы қазан айында өтетін Ішкі істер министірлігінің «Үздік жедел уәкілі» конкурсына қатысып, Түркістан облысы Полиция департаментінің намысын қорғайды.


Сондай-ақ Түркістан облысы Полиция Департаментінде Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологтарының ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлімі қызметкерлерінің қызметтік өмірін отбасына таныстыру, әрқашан қолдау білдіруге шақыру.
Іс-шара барысында қонақ болып келген полицейлердің әйелдері мен ұл-қыздарына арнайы қызметтік бөлмелері, спортпен айналысатын зал мен белсенді құралдар, атыс қарулары, сонымен қатар жауынгерлік техникалары көрсетілді. Күні-түні облыс жолдарын бейнебақылау арқылы бақылап отыратын Жедел басқару орталығының жұмыс барысымен таныстырылды.
Отбасында әкенің орны ерекше болғандықтан, «Әке – асқар тау» ұранымен балаға әкені үнемі үлгі тұтып, жоғары ұстау керектігі айтылды. Ал асыл жарларына жауапкершілігі мен қиындығы мол қызметте жүрген күйеулеріне түсіністік танытып, демеу беріп жүргендері үшін алғыс білдірілді.
Өз кезегінде келген қонақтар отбасының тірегі, ел қорғаны болып жүрген әкелерінің жұмысына сәттілік тілеп, биік белестерді бағындыруына сенім артатындықтарын жеткізді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики
04 маусым, 13:24
В Туркестанской области с начала года создано более 35 тысяч рабочих мест
03 маусым, 19:17
Алматыда көлік инфрақұрылымын жаңғырту қалай жүріп жатыр?
03 маусым, 14:35
В Туркестане впервые запущено производство агродронов
03 маусым, 14:26
Туркестан: В торговых сетях увеличивается доля отечественной продукции
03 маусым, 14:24
В Мактаральском районе будет запущен завод по производству хлопкового и растительного масла
02 маусым, 14:29
Школы Туркестанской области вступают в цифровую эпоху
02 маусым, 14:14
Туркестан: В школах «Келешек» реализуются современные образовательные проекты