jasqazaq.kz

Түркістан: Вице-министр полиция қызметімен танысты

18 қыркүйек 2024, 15:53

Жуырда Түркістан қаласына ішкі істер министрлігінің орынбасары қызметтік іссапармен болып қайтты. Қасиетті мекенге келген полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков іссапарын облыстық Полиция департаменті жанында орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен бастады. Айта кетейік, Тәуелсіздік алғаннан бері Түркістан облысында қызмет міндетін атқару кезінде 60-тан астам полиция қызметкері қаза тапқан. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жиналғандар әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Одан соң Айдар Сайтбеков департаменттің мәжіліс залында жеке құраммен кездесу өткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2-ші қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы бойынша полиция тарапынан атқарылатын қызметтерге назар аударды. Ондағы тапсырмалар мен ұсыныстарды дер кезінде орындау керектігін жеткізді.

Жеке құрамның заң аясында адал қызмет етуін қатаң ескертіп, жұртқа жақын полиция қағидатына қалтқысыз қызмет етуге кеңес берді. Қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында жұмысты күшейтуді, сонымен қатар заң мен тәртіпті сақтауды тапсырды.
Осыған қатысты Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов, жедел шаралар уақтылы жүзеге асырылып, нәтижелі жұмыс атқарылатынын жеткізді.
Өз кезегінде жеке құрам қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығы үшін қарқынды қызмет етуге уәде етті. Вице-министр полицейлердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ішкі істер министрлігі өкілінің іссапары облыс орталығында өткен «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбындағы форуммен тұспа-тұс келді. Іс-шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаментінің бірлескен бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ауқымды шараға Айдар Сайтбеков, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұрын сотты болған азаматтар, тұрғындар қатысты.
Жиын барысында спикер ретінде келген елге белгілі азаматтар өте қажетті мағлұматтар мен профилактикалық сұқбат жүргізіп, өмірлік тәжірибемен ұштасқан үлгі-өнегелерімен бөлісті. Салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында өз пікірлерін білдіріп, көпшілікпен пікір алмасты.

Олардың қатарында ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бахытжан Әмірханов, Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров, Психиатр-нарколог Нәби Есімов, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, актер Әділ Ахметов, әнші Қуандық Рахым болды.
Форумның шымылдығы жастардың синтетикалық есірткіні қолдануы, жалпы оның кез келген адам денесі үшін тигізетін кері әсері, есірткі түрлерін сату, егу, тасымалдау үшін қылмыстық жауаптылық бар екені және тағы басқа түрлі жағдайларды мысал еткен театрландырылған қойылыммен ашылды.
Есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы бейнеролик көрсетілді.

Форумда сөз алған құрметті қонақтар қоғам назарын «ғасыр дерті», яғни есірткіге, нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға аударып, форумның маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында «Нашақорлыққа жол жоқ! Біз өмірді таңдаймыз!» ұранымен тиісті құрылымдар алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Нашақорлықтың алдын алу үшін ұсыныстар айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті