Түркістан: Тәртіп бұзғандар құтылмайды

12 тамыз, 14:34

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Қауіпсіз қоғам» жобасы тәртіп бұзушылыққа жол бермей, кез келген қылмыстың алдын алуды көздейді. Бұл іске Түркістан өңірінің полициясы өз үлесін қосып келеді.

Айталық, жуырда Ордабасы ауданының учаскелік полиция инспекторлары түнгі он бір шамасында «Opel Veсtra» маркалы автокөлігінің жүргізушісін жол ережесін бұзғанын байқайды. Көлік иесі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талаптарын елемей, жылдамдықты асырып олардан жасырынуға тырысты. Полиция соңынан жүріп, автокөлікті тоқтатты.

Құжатын тексере келе, жүргізушінің бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Жүргізушісі бұған дейін ішімдік ішіп, заң бұзғаны үшін сотпен жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Медициналық сараптама 36 жастағы ер адамның мас болғанын растады. Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс- шаралары жүргізу кезінде құрылыс дүкенінен ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адамды анықтады.

Әлгі құрылыс дүкенін сырттай бақылап жүрген күдіктілер кешкі сағат 22:00-де ешкім жоқтығын пайдаланып, бір дана пластик есікті жасырын ұрлап кеткен. Кейін алып кеткен затты үйіне пайдаланбақшы болған. Тәртіп сақшылары дер кезінде қолды болған пластик терезені тәркілеп, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ Түркістан облысында «Таза Қазақстан» іс-шарасында 23,5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды мен Полиция департаментінің бастығы М. Қабденовтың тапсырмасымен, облыс аумағында қоршаған ортаны көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шараларды жандандыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде.

Бүгінгі күні Түркістандағы аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері белгіленбеген жерлерде қоқыс шығару фактілерін анықтау, полигондардан тыс сұйық қалдықтардың төгілуін болдырмау, абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мәселен, «Таза Қазақстан» акциясы кезінде көпшілік жүретін орындарды ластағаны үшін 14 315 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны және жасыл желектерді бүлдіргені үшін 5337 адамға ескерту жасалды, ал 230 адамға қатысты айыппұл салынды. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да жол құрылыстарының зақымдану фактісі бойынша 3777 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары құзыретті мемлекеттік органдармен және қоғамдық көмекшілермен бірлесіп, халық арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау және анықтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген