Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр

11 шiлде, 15:51

Бүгінде республика бойынша «Құқықтық тәртіп» консолидациялық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің барлық өңірінде құқықтың бұзушылықтың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Түркістан облысына қарасты Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар алдын алу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ауданда тәртіп сақшыларының қатысуымен «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау жайтын алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттарының алдын алу.
Жедел-алдын алу іс-шарасы бойынша полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік тексеріс жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар Сауран ауданы көлемінде жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс шарасы жүргізілуде.


Іс-шара барысында тәртіп сақшылары қоғам тыныштығын күзетіп ғана қоймай, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмау бағытында жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ қылмыстардың алдын-алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Сауран аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері әдеттегідей әр аптаның жұма, сенбі күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және де қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Сауран ауданындағы жол апаты орын алуы ықтимал жолдарға, көлік қозғалысы көп жүретін көшелерге рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін бөлініп, тиісті бағыттардағы жұмыстарын атқаруда.
Сауран аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары жайсыз отбасылар мен профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Азаматшаларға «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында күнделікті жұмыстар атқарылуда.
Сауран аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмат Абидинов жеке құрам қызметкерлерін тексеріп, аудан көлемінде қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар кешені бойынша қарқынды жұмыс жасауды тапсырды.
Бөлім бастығымен бөлімше басшыларының нұсқаулығына сәйкес, полиция қызметкерлері аудан көлемінде құқықбұзушылықтарды болдырмау, жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды күшейтті.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген