jasqazaq.kz

Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды

23 шiлде 2024, 12:11

Түркістан облысында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері сот орындаушылармен бірлесіп, «Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен берешекті төлемеген жүргізушілердің көлік құралдарын анықтау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Түркістан ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жуырда Сайрам ауданында қызмет атқару барысында патрульдік полицияның планшетіне жүк көлігіне қатысты сигнал түсті. Тәртіп сақшылары жүргізушісінің 7 миллион теңгеден астам қарызы бар автокөлікті тоқтатты.

Ал Сауран ауданында «Шымкент – Самара» тас жолында тәртіп сақшылары тағы бір борышкердің көлігін тоқтатты. «Шевролет-Кобальт» автокөлігінің жүргізушісінде 2 миллион теңгеден астам сомаға төленбеген берешек болған.

Сондай-ақ «Сауран» стационарлық бекетінде облыстық батальонның полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде жергілікті тұрғынның басқаруымен «КИА» маркалы автокөлікті тоқтатты. Автокөлік жүргізушісінің 13 миллион теңгеге төленбеген қарызы бар екені анықталды.

Полицейлер бұл автокөлікті айыппұл тұрағына жеткізіп, борышкер-жүргізушілермен қолда бар берешектер мен салынған айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары ішімдік ішіп алып көлік тізгіндеудің ауыр қылмыс екенін ескертеді. Жуырда түркістандық патрульдік полиция қызметкерлері түнгі сағат екілер шамасында рейд кезінде күдік тудырған Lada Granta маркалы автокөлікті байқап қалды. Полиция автокөліктің соңынан жүріп, оған тоқтау қажеттігін хабарлады. Жүргізуші тәртіп сақшыларына бағынбай жылдамдықты асырып, қаша жөнелді. Полицейлер көлік тізгіндеушіні көп ұзамай тоқтатты.

38 жастағы спирттік ішімдік ішіп алған жүргізуші полиция қызметкерлеріне бағынбай, қарсылық көрсеткісі келді. Оның құжаттарын тексеру кезінде оның мас күйіне күдіктінген сақшылар ер адамды сараптамаға жеткізіп, мас халде болғанын растады.
Мән-жайды анықтағанда жүргізуші бұған дейін ішімдік ішіп, заң бұзғаны үшін сотпен 7 жылға жүргізушінің куәлігінен айырылғаны әшкереленді. Қазіргі уақытта көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде рульге қайта отырған жүргізушіге қатысты жиналған материалдарды полицейлер сотқа жіберді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде