Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы

08 тамыз, 10:29


Қоғамда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заң мен тәртіптің сақталуын қадағалау, құқық бұзушылықтың кез келген түріне жол бермеу – тәртіп сақшыларына жүктелген міндет. Түркістан өңірінің полициясы да қоғам дерті – есірткіге қарсы күрестен бастап, ұсақ ұрлық, қысылтаяң жағдайға тап болғандарға қол ұшын созу, алаяқтардан сақтандыруға дейінгі жұмыстарды тынбай атқарып келеді.
Есірткі қоюшының көлігінен 47 дана мефедрон тапты
Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ордабасы ауданының полициясы синтетикалық есірткі тасымалдаушының қылмысына тосқауыл қойды.


Полицияның жедел әрекет етуінің арқасында «Шымкент-Самара» тас жолында күдікке ілінген «Hyundai Tucson» көлігі тоқтатылды. Жедел уәкілдер тінту кезінде жүргізуші орындығының оң жағындағы шынтақ тірегішінен полиэтилен пакет тапты. Пакетті тексеріп, қарау барысында 47 дана «мефедрон» орамасы тәркіленіп алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.Танысының көлігін ұрлаған күдікті ұсталды
Мақтарал ауданының полиция қызметкерлері құны 1 600 000 теңге болатын «Daewoo Nexia» автокөлігін ұрлауға қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады.


Тексере келгенде, күдікті ер адам жәбірленушінің танысы болып шықты. Автокөлік иесі мәшинесін жанар-жағармай май бекетіне қойып, жұмысына кеткен. Сол кезде көлікті сырттай бақылап жүрген танысы оған ескертпей, көлікті айдап кеткен.
Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Шымкент қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

100 адам шектеуді бұзған
Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері пробация қызметімен бірлесіп, ішкі істер органдарында есепте тұрған 5000-ға жуық адамды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерді.
Осындай тексеру нәтижесінде тәртіп сақшылары сот органдары белгілеген шектеулерді бұзған 100 адамды анықтады. Оларға қатысты тиісті әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 19 адам Әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында рецидивтік қылмыстың алдын алуға, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтауға және оларды профилактикалық есепке қоюға, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша одан әрі тексеруге бағытталған «Есептегі элемент» шарасы жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ полицейлер әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.


Тәртіп сақшысы баланы құтқарып қалды
Жуырда Кентау қалалық полиция бөлімінің «102» нөміріне жергілікті тұрғын көмек сұрап хабарласты. Қоңырау шалған әйелдің айтуынша, үйінде 3 жасар қызы есікті ішінен құлыптап алып, өзі ішке кіре алмай қалған.
Оқиға орнына өзіне бекітілген аумақта жүрген учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан тез арада жетті.
Анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен екен. Осы уақытта кішкентай бала есіктің кілтін іштен жауып алыпты. Соның салдарынан анасы пәтерге кіре алмай, үш жастағы қыз есікті аша алмаған.
Учаскелік полиция инспекторы шұғыл әрекетке көшіп, балкон арқылы кіруге шешім қабылдайды. Полиция қызметкері пәтердің бесінші қабатта орналасқанына қарамастан, көршісінің балконы арқылы ішке кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады.
Балақайдың анасы полиция қызметкеріне алғысын айтып, жұмысына сәттілік тіледі.
Алаяқтыққа қарсы профилактика күшейді
Кентау қаласының полицейлері өңір тұрғындарына интернет алаяқтардан барынша сақтану керектігін ескертіп, профилактикалық жұмыстарды күшейтуде. Жасөспірімдерден бастап, егде жастағы тұрғындармен тілдесіп, алаяқтардың айла-амалдарымен таныстырды. Сондай-ақ олардан сақтану әдістерін үйретті.
Полиция қызметкерлері қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтап, дербес деректерді, банк картасының мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге кеңес берді.


Оған қоса, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға және спам хабарламаларға сенбеуге шақырды.
Сонымен бірге көп қабатты тұрғын үйлердің кіре беріс есіктеріне, сауда орталықтарына, жалпы адамдар көп шоғырланатын аумақтарға ескерту қағаздарын іліп, жаднамалар таратты.
Мұндағы басты міндет — қылмысты ашумен күрескенше, оның алдын алып, тосқауыл қою.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген