jasqazaq.kz

Түркістан: Бас полицейдің жеке қабылдауы және күре жолдағы акция

21 шiлде 2024, 10:13


Биыл жыл басынан бері Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығына азаматтарды жеке қабылдауға 1500-ден астам адам түрлі сұрақтармен, шағымдармен және ұсыныстарымен жүгінген. Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар өтінішінің басым бөлігі қылмыстық істерді тергеуге, сонымен қатар әкімшілік және криминалды полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі, кадрлық жұмыс мәселелеріне қатысты болды.
Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов жеке қабылдау кезінде өтініш білдірген азаматтардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, әр жағдайдың байыбына барып, олардың проблемаларын шешу жолдарын ұсынды.


Бірқатар шағымдар бойынша Полиция департаментінің бастығы қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ал егжей-тегжейлі талқылауды қажет ететін қалған мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдау мерзімдері белгіленді.
Полицейлер атап өткендей, азаматтардың шағымдарын уақыт созбай қарау, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарға дер кезінде ден қою халықтың полицияға деген сенімін арттырады. Бұл бағыттағы жұмыс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында екенін айту керек.
Сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 19-20 шілде күндері «Жолда қабылдау» акциясын өткізіп, облыс тұрғындарын қабылдады. 22 орында өткен акцияның 2 тәулігінде тәртіп сақшылары 220-ға тарта тұрғынның мәселесіне ден қойды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауалға заң аясында құқықтық кеңес берілді.
Мәселен, жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне, кадр саласына қатысты сауалдар көптеп қойылды.
Жалпы бұл акцияның негізгі мақсаты — тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету, халыққа қолайлы жағдай жасау. Бұл іс-шара келесі айда да өткізіліп, жалғасын табады.

Ал «Жолда қабылдау» акциясында жүргізушілерге жадынамалар таратылды Бұл жолғы акцияны Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері пайдалы әрі ерекше шарамен өткізді. Акция кезінде республикалық маңызы бар трасса бойында жүргізушілерге «Жолда абай болыңыз!» тақырыбында жадынамалар таратылды. Жол-көлік апаты көбіне үлкен жол бойында орын алатындықтан, көлік иелеріне жылдамдықты асырмай, қарсы бағытқа шықпай, сергек күйде көлік басқару керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар күннің ыстығы ескеріліп, жүргізушілерге су үлестірілді.

JQ-Aqparat

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

22 қазан, 17:52
Мақсат – бюджет шығынын асырмау
21 қазан, 20:25
Каспийдің қос жағалауын тоғыстырған ырысты ынтымақ
21 қазан, 18:34
Салық саясатындағы өзгерістің күнгей тұсы
21 қазан, 17:56
Қазақстанның бітімгершілік миссиясының шежіресі
21 қазан, 11:15
Агроөнеркәсіпті дамыту – мемлекетті нығайтудың көрінісі
20 қазан, 15:45
Уран өндірісінде заманауи технология мен инновацияның маңызы зор
17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды