ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

06 маусым 2018, 14:36

                      

  «Қазір біз қарқынды жаһандық өзгерістердің куәсі болып, сонымен байланысты қиындықтарды бастан өткеріп отырмыз. Оларды еңсеру үшін мен былтыр Үшінші жаңғыру жөнінде міндет қойдым. Макроэкономикалық тұрақтылық қамтамасыз етіліп, бизнес ахуалы жақсарып келеді». Елбасы шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-пленарлық отырысында осылай мәлім етті.

Жиында цифрлық трансформация, жаңа технологияларды қолдану және экономиканың одан әрі даму перспективалары жөніндегі мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлар кеңесінің еліміздегі бизнес ахуалды жақсартуға және ұлттық экономиканы қолдауға бағытталған жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысушылардың баяндамаларын тыңдаған соң, жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның атқарып жатқан шаралары жөнінде айтты. Сондай-ақ елдің одан әрі жаңғыруы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін атқарылатын жұмыстың бірнеше бағытын атап көрсетті.

Қазақстан Президенті «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс, Салық және Кеден кодекстері сияқты жаңа құжаттар күшіне енді. Кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулер топтамасы қабылданды. Барлық бағыт бойынша экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары енгізілуде», – деді.

Елбасы құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару ісінің сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Н.Назарбаев «Экономиканы диверсификациялау және жаңа технологияларды енгізу. Еліміз бойынша индустрияландыру аясында 1200-ден астам жаңа кәсіпорын іске қосылды. Инвестициялық және экспорттық стратегиялар жүзеге асырылуда», – деді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы трансұлттық корпорациялармен бірге ірі жобаларды жүзеге асырудың, аграрлық ғылымды дамытудың, технологиялар трансфертінің және құрылыс саласының жоғары қарқынын қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Алқалы жиында үшінші басым бағыт ретінде инфрақұрылымды жаңғырту қажетті атап өтілді.

Еліміз Еуразиялық мультимодальді көлік-транзит хабын қалыптастыруда. Жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы еуразиялық интеграцияны күшейтуге және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштасуға бағытталған. 5 шілдеде «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы болады. Бұл орталық Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының өзегіне және бүкіл Орталық Азия өңірінің хабына айналуға тиіс.

Мемлекет басшысы ел көлеміндегі және өңірлердегі экономика салаларын цифрландыру үдерісіне кеңінен тоқталды.

Еліміз «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Цифрлық технологияны агроөнеркәсіп кешеніне, көлік және басқа да негізгі салалардағы кәсіпорындарымызға енгізу қажет.

Сонымен қатар Президент Н.Назарбаев адами капиталды одан әрі дамыту қажеттігі және білім беру жүйесін трансформациялаудың маңыздылығы жөнінде айтты. Білім беру жүйесі экономиканы жаңғырту мен цифрландыруды ескере отырып трансформациялануы қажет. Елбасы осыған орай келесі отырыстың тақырыбы ретінде «Адами капиталды дамыту» мәселесін ұсынды.

Қазақстан Президенті ел экономикасын жаңғырту үшін бірлесе тиімді жұмыс жүргізудің маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ үкіметке шетелдік инвесторлар кеңесіндегі жұмыс топтарының және бүгінгі басқосу барысында айтылған ұсыныстардың бәрін ескеріп, қарастыруды тапсырды.

Руслан Достаев

 

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «SamrukKazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

 

27 қантар, 12:45
Жоғары аудиторлық палата МӘМС жүйесіндегі бұзушылықтарды анықтады
24 қантар, 10:54
Ит қауып алса, айыбы кімде?
22 қантар, 16:53
Телефон ойындарына тәуелді балаға қандай жаза қолданбаған дұрыс?
21 қантар, 13:57
Кредитті жылдам жабудың тәсілдері қандай?
16 қантар, 12:30
Жастар жұмыссыздығының себебі неде?
10 қантар, 15:56
Аңдамай сөйлесең, ауырмай ақша төлейсің
05 қантар, 14:12
Жасанды интеллект болашағымызға қауіп пе, әлде жаңа мүмкіндіктер алаңы ма?
03 қантар, 21:15
Боранды күні жолға шығатындар басқаларды да ойлауы керек
26 желтоқсан 2024, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...