jasqazaq.kz

Таразда шағынауданның құрылысынан шу шықты

31 тамыз 2016, 23:19

Снимок

Таразда №14 шағын ауданның іргетасы қаланбай жатып шу шықты. Тұрғындар мемлекеттің мұқтаждығына алынған жер телімдеріне өтемақы ала-алмадық деп ашулы. Шенділер мәселені толық шешпей жатып, көкөніс өсіп тұрған аймаққа инфрақұрылым жүргізуді бастап кеткен дейді. Соның кесірінен 50 гектар жердегі көкөніс ауыр техниканың астында қалған.

Еткен еңбегі еш кеткен ел ашулы. Бекер емес, бар тапқанын жер анаға жұмсаған елдің енді аз күнде жиналуы тиіс өнімдері тура мағынасында аяқ астында қалған. Анығы, бау-бақша өскен алқапты ауыр техника астан-кестеңін шығарып кеткен. Жаңа ауданның инфрақұрылымын жүргізіп жатқан кәсіпорын әні-міне ауызға түсіп тұрған, пісіп тұрған көкөністерді жинауға мүмкіндік бермепті. Әкімшіліктің әмірі осылай болыпты. Шаруалар бұл аймақта жаңа аудан салынатынын білген. Бірақ өтемақыларын толық алмай тұрып, құрылыс жүргізгендеріне аң таң.

ЛЕСХАН СӘРСЕНБАЕВ, Шаруа:

— Уже кіріп кетті. 100 метрден астам траншея. Міне артта тұрған мына техникалар менің полямда тұр. Қазылып тасталған жерлер. Бұлардың қандай құқығы бар.

Қызанақ, бұрыш, қызылша, пияз сынды сан түрлі бау-бақша өнімдері осылайша техника астында тапталып қалған. Бірақ бұған билік бас ауыртпайды. Алты жыл бұрын үкімет бекіткен қаланың бас жоспары бойынша 100 гектар бұл егістік алқапқа жаңа аудан салынуы тиіс болған. Содан бері 89 жер иесімен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтады. Тек үш адамның жері әлі сотта қаралуда екен. Ал өтемақыны азсынғандарға сотқа жүгінуге кеңес береді.

БАҚЫТЖАН СҮГІРБЕКОВ, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бастығы:

— Өздерінше егіп, егін жинап аламыз деп ойлаған. Бірақ біздің мамандар бірнеше мәрте ескерткен болатын «сендер егулеріңе болмайды» деп. Өйткені ол жер мемлекеттің меншігінде. Олардың қазіргі жанжал шығарған себебі. Өздерінің қателіктерін біле тұра білмей, арызбен шығып отыр. Олардікі заңсыз.

Қалай болғанда да шығынға шаш етектен баттық деп шуласқан шаруаларға өнімдерін жинап алуға уақыт берілмейді. Өйткені инфрақұрылым жүргізіп жатқан мердігер уақытылы жұмысын аяқтауы тиіс.

31.kz

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл