jasqazaq.kz

ТАҒЫ БІР МАЙДАНГЕРДІҢ ТАҒДЫРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін, 18:21

Екінші дүниежүзілік соғыстың жүрекке салған жарасы әлі жазылған жоқ. Миллиондаған тағдырдың қасіреті ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жадымызда бүгінгідей жаңғырып тұр. Жақында 85 жылдан кейін Смолнеск түбінде қаза тапқан қазақ жауынгерінің дерегі табылды. Бір үйден майданға үш ұл аттанып, оның екеуі опат болған. Соғыстан аман-есен оралған кенже ұл хабар-ошарсыз кеткен ағасының дерегін өмір бойы іздеп өткен екен…

      Бәрін басынан бастасақ, биыл тамыз айының соңында бізге Мәскеу облысындағы «Поиск» іздестіру жасағының мүшесі Валерий Смирнов хабарласты. Олар Смоленск облысында далалық қазба жұмыстары барысында үш артиллеристің бірге жерленгені туралы жазылған тақтайшаны тауып алыпты. Солардың бірі — біздің жерлесіміз Абу Бактебаев болуы мүмкін.

      Қыркүйек айының басында біз ақпаратты Оралдағы чаттарға тараттық, әлеуметтік желілірде жарияладыық. Нәтижесінде тақтайшаға есімі қашалған қазақ жауынгерінің ең кіші інісі Қайырғалидың ұлы Марат деген азамат хабарласты.

     Сарбаздың дұрыс тегі — Бұктыбаев екені анықталды. Аты шынымен Әбу, 1918 жылы туған. Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Шоңғай станциясының тумасы. 1941 жылдың тамызында әскерге шақырылып, 1942 жылдың 18 тамызында Смоленск түбінде қаза тапқан екен.

     Қазір іздестіру жасағы оның нақты жерленген орнын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бірақ ең бастысы Әбудың майданда қарулас жолдастарымен бірге шайқаста қаза тапқаны белгілі болды.

     Соғысқа қатысқан ұш ұлдың ортаншысы — Әбілқайыр 1945 жылдың сәуірінде Германияда қаза тапқан. Ең кіші інісі Қаиырғали елге есен-аман оралған. Бүгінде құрметті еңбек демалысындағы Марат әкесі Қаиырғалидың өмір бойы үлкен ағасын іздеп өткен айтады. Егер Әбу Бұктыбаевтың нақты жерленген жері анықталса басына елден бір уыс топырақ апарып, құран бағыштап қайтпақ ойы бар. Сонда әке арманы, әке аманаты орындалар еді.

                                                «Atamnyn Amanaty» ҚБ баспасөз қызметі

17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді