jasqazaq.kz

Табиғатқа жанашырлық бір күнмен шектелмейді

19 қыркүйек, 15:24

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде сенбіліктер өтті.
Іс-шараларға «Қазсушар» РМК, бассейндік су инспекциялары, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі және «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ мамандары қатысты.
Сенбіліктер қорытындысы бойынша өзендер, көлдер, суару каналдары, су қоймалары және басқа да су нысандары мен гидротехникалық құрылыстардың аумақтарынан 465,7 тонна қоқыс жиналды.
Астанада Су ресурстары және ирригация министрлігінің орталық аппараты мен комитеттерінің мамандары көшелерді тазалау және абаттандыру жұмыстарына қатысты.
«Бүгін Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткен сенбіліктер су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру үшін өте маңызды. Еліміздің су саласының мамандары өз үлгісі арқылы су нысандарын ластанудан қорғаудың маңызын көрсетті. Естеріңізге сала кетейін, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Мөлдір бұлақ» акциясы бойынша бұлақтарды тазалау және абаттандыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұл бастама азаматтар арасында кең қолдау тауып отыр»,
– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сурет: су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті