jasqazaq.kz

Студентке 16 млн теңге түскен: ҚМА 11 өңірді қамтыған алаяқтық схеманы әшкереледі

05 қазан, 16:12

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарын ақша аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланған адамдар тобының заңсыз әрекетін тоқтатты. Семей қаласында жергілікті университеттің алты студенті анықталып, олардан жауап алынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу деректері бойынша, оларға тиесілі банк карталары ақша қабылдау үшін пайдаланылған. Кейін түскен қаражат бөлшектеліп, басқа шоттарға аударылған. Бұл оның шығу тегін жасыруға, қаржы ағынын бақылауды қиындатуға және кейін ақшаны қолма-қол шешіп алуға мүмкіндік берген.

Студенттердің бірінің шотына ғана 25 азаматтан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен.

Ақша жіберген азаматтар интернет-алаяқтыққа байланысты істер бойынша жәбірленушілер екені анықталды. Олар елдің 11 өңірін қамтиды: Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сурет:ҚМА/видеодан кадр

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті