jasqazaq.kz

СҚО-да 6 жол учаскесін су шайып кетті

02 сәуiр 2024, 15:51

Солтүстік Қазақстан облысында еріген қар суы облыстық және аудандық маңызы бар 6 жол учаскесін шайып кетті. Оқиға орнында полицейлер кезекшілік атқарып жатыр. 

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Уәлиханов ауданындағы Жасұлан ауылынан 5 км жерде «Ақбұлақ-Жасұлан» аудандық маңызы бар автожолды су шайды. Су басқан учаскенің ұзындығы 7 м, тереңдігі 10-15 см. Қазіргі уақытта автокөліктің барлық түріне шектеу қойылған, Жасұлан-Мортық бағыты бойынша балама жол бар.

Тайынша ауданындағы жергілікті маңызы бар «Краснокиевка-Октябрьское» автожолының 9, 10, 11 шақырымындағы үш учаскені су басты. Тереңдігі небәрі 4 см болғандықтан көлік қатынасы бар, тек жол белгілері қойылды. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Уәлиханов ауданындағы Ақтүйесай ауылынан 1 км қашықтықта «Ақтүйесай-Шағырсай» аудандық маңызы бар автожолынан ұзындығы 15 м, тереңдігі 10-15 см болатын су кетті. Қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелгенімен, балама жол бар.

Ақжар ауданындағы облыстық маңызы бар «Қазгородок – Горьковское» автожолының 123 км-де қардың қарқынды еруіне байланысты жол төсемі арқылы су өтті. Су алған учаскенің ұзындығы 200 м, тереңдігі 10-15 см. Көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулі. Қазіргі уақытта барлық су басқан учаскелерде полиция қызметі кезекшілік атқарып жатыр.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар