jasqazaq.kz

Шымкентте 3,1 млрд теңге айналымы бар онлайн-казино әшкереленді

09 қазан, 11:04

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Bingo-37» және «Lotoboom» онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ықтималды ойыншыларға WhatsApp мессенджері арқылы құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныстар жіберілген. Өтініш білдірген адамдарға аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген, сондай-ақ ақша аударуға арналған шот деректемелері жолданған.

Ақша қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына ашылған банк шоттары пайдаланылған.

Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңгені құрады.

Қылмыстық жолмен алынған кіріске ұйымдастырушылар 200 млн теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер, сондай-ақ екі жер учаскесі бар. Сот үкімімен екі адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Сурет: видеодан кадр/ҚМА

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті