jasqazaq.kz

Шымкент: Халықаралық театрлар фестивалі өтеді

06 қараша 2024, 12:12

Биыл Шымкент қаласындағы тарихы терең Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Аталған өнер ордасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 6-11 қараша аралығында Шымкент қаласында Орталық Азия елдері театрларының IX халықаралық фестивалі өтеді.

Халықаралық фестиваль Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің ашылу салтанаты 6 қараша Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында өтеді.

Биылғы фестивальға Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжан және Қазақстан театрлары арасынан іріктелген 9 спектакль қатысады. Көрермен назарына С. Қасымбектің «Атжалман ғасыр», Ш.Айтматовтың «Бетпе-бет», Х.Ниязидің «Сайқымазақтардың ойыны», П.Сейидлидің «Киллерден телеграм», Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», Ш.Айтматовтың «Лувр үйрегі», Хэменгуэйдің «Шал мен теңіз», А.Навоидің «Ләйлі-Мәжнүн» және А.Гильязованың «Қар астындағы қайнар бұлақ» туындылары ұсынылады.

Сонымен қатар фестиваль аясында 7-10 қараша аралығында театр мамандарының шығармашылық әлеуеті мен кәсіби деңгейін жақсарту мақсатында «Шеберлік сабақтары» өткізіледі деп жоспарланған. Халықаралық фестиваль аясында еліміздің белді театрлары да өз өнерлерін орт аға салады.

Ж.Шанин театры әрқашан өз көрерменін жоғары сапалы қойылымдармен қуантып келеді. Классикалық және заманауи қазақ драматургиясының жауһарларын сахналап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуден жоғары көрсеткіштерге ие. Театр сахнасында көрнекті режиссерлер мен актерлердің есімі танылып, талай жаңа таланттар ашылды. Бұл театрдың қазақ өнері мен мәдениетін дамытудағы рөлі орасан зор екенін айғақтайды.

Театрда өтетін халықаралық фестивальге дайындықты бастап та кеттік. Басты назарды көрерменге тұщымды дүние ұсынуға, театрдың шығармашылық әлеуетін көтеруге бөліп отырмыз. Жақында ғана театрымызға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының драма театр өнері және кино әртісі өнері бөлімінен бір жас таланттар жұмысқа келді. Оларды театрымызға бастап келген Әшім Ахметовпен бірге барлығын баспанамен қамтамасыз етіп, театрымызда қызмет атқаруына барлық мүмкіндікті жасаудамыз, — дейді Ж.Шанин театрының көркемдік жетекшісі Сұлтан Срайлов.

JQ-Aqparat
Сурет: Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық қазақ драма театры

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде