jasqazaq.kz

Шымкент: Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен кездесіп, түйткілді мәселелерін тыңдады

12 шiлде 2024, 11:58


Көпшілік үшін жазғы демалыс басталса да, үлкен шаһарды дамытып, көркейту бағытындағы жұмыс бір сәтке де тоқтамайды. Әсіресе, еліміздің үшінші мегаполисі – Шымшаһардың инфрақұрылымын жаңғыртып, құрылыс саласының қарқынын арттыруға әкімдік тарапынан бақылау күшті. Бұл орайда Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бұлжытпай орындалып жатқанын айтқан жөн.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы аптада тағы да бірнеше нысанды аралап шықты. Нұртас шағынауданы Ақсұңқар көшесінің тұрғындарымен тілдесіп, түйткілді мәселелерімен танысты.
Шаһар басшысымен кездесуде тұрғындар жарықтандыру, суару жүйесі мен жол белгілерінің жоқтығына шағымданды. Осыған орай әкім жауапты мамандарға суды соруға арналған сорғы қондырғыларының жалпы қуатын арттыру бойынша нақты тапсырма берді.


Сондай-ақ Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданында салынып жатқан жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысын және №6 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Жұмыс барысымен танысқан әкім салалық басқарма басшыларына барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, Тұран ауданының аумағында 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынып жатқаны хабарланды. Бұған дейін 18 көшеде құрылыс жұмыстары басталған. Оның ішінде 13 көшеде жаяу жүргіншілер жолы толық салынды. Атап айтқанда, олар — Тайманов, Байтулы баба, Дермене, Еңбекші, Сымбатты, Үміт, Сарсенбаев, Бектаев, Тәжібай ата,Мөңке би, Жандосов, Татулық және Октябрьская көшелері.
Оған қоса, Сұлтан Бейбарыс, Исаханов, Интернациональная, Бәйдібек би және Жаркент көшелеріне де жаяу жүргіншілер жолы салынып, пайдалануға беріледі.
Бұдан кейін шаһар басшысы «№9 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» болды. Мұнда 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар I-II топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Аралау барысында ғимараттың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін тексерді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қызылжар» шағынауданы тұрғындарының өтінішін де назардан тыс қалдырмады . Жергілікті тұрғындар балалар мен спорт алаңы бар демалыс аймағын салуды сұраған болатын. Қала басшысы аудан әкіміне тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, аумақты абаттандыру міндетін жүктеді.
Одан әрі Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы мәдениет үйінің құрылыс барысына барды. Бұл нысанды жақын күндері пайдалануға беру жоспарланған. Жұмыс барысымен танысқан қала басшысы мердігер ұйым өкілдеріне мекемеге іргелес аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға баса назар аудару қажеттігін айтты.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет