jasqazaq.kz

Шымкент: Ерекше балаларды спорт шыңдайды

20 сәуiр 2024, 23:33


Біздің елімізде ерекше балаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Олардың сауығып кетуіне, өмірін барынша жеңілдетуге арналған жобалар да баршылық. Шымкентте те сондай сауықтыру орталықтары жүйелі түрде жұмысын жүргізіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың көпшілік ортада болып, қатарластарымен араласуына жағдай жасау, оларға моральдық, материалдық тұрғыда қолдау көрсетуде түрлі жобалар қолға алынған. Әсіресе, ерекше балаларды спортқа баулудың, шынықтырып, шымыр етудің маңызы зор екенін соңғы жылдары мамандар да айтып жүр. Сондықтан Шымшаһарда ерекше балаларды спортқа тартуды көздейтін жобалар іске асырыла бастады.


Сондай жобаның бірі — «Саламатты болашақ» деп аталатын республикалық ауқымдағы әлеуметтік жоба. Мұндай бірегей жоба мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға бейімделген дене шынықтыру және спорт әлеміне жол ашатыны сөзсіз.
Сонымен қатар, бұл жоба кешенді тәсілге бағытталған, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін және спортпен жыл бойы жүйелі шұғылдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, олардың әлеуметтік интеграциясына, физикалық оңалтуына, дене мүмкіндіктерін қолдауға және денсаулығын нығайтуға ықпал етуге арналады.
Кез келген жобаның жемісті жүзеге асуы үшін қаржы жағынан қолдау қажет. Аталмыш жобаға «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдау білдіріпті.
«Саламатты болашақ» деп аталатын республикалық ауқымдағы әлеуметтік жоба шырайлы Шымкентте де қолдау тауып отыр. Осы жобаның аясында «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен спорт фестивалі ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, барлық жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Осы спорт фестивалінің аясында «Children Paralympic games-2024» деп аталатын ойында бейімдеу секцияларының тәрбиеленушілері өздері бейімделген бочча, голбол, шығыс жекпе-жегі, футбол, жүзу, жеңіл атлетика, футбол сияқты спорт түрлерінен жарысқа қатысып, бақтарын сынады. Жарыс соңында жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталып, түрлі сыйлықтар тапсырылды.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек алдағы уақытта Шымшаһарда спортқа бейімі бар мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар үшін паралимпиадалық спорт түрлеріне арналған орталық ашу жоспарда бар екендігін жеткізді. Бұл өз кезегінде ерекше балалардың спортпен айналысып, тіпті әлемдік додаларға қатысуына жол ашатын мүмкіндік болмақ.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі 

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік