Шымкент: Экологиялық бақылау күшейтілді

18 қыркүйек, 14:28

Мемлекет басшысының қоршаған ортаны жақсартумен байланысты тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласында бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр. Биылғы жылдың 8 айында қалалық экология департаменті қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді жұмыс атқарып, экологиялық ахуалды бақылауда ұстауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев айтып берді. Департаменттің негізгі міндеті – қала тұрғындарының арыз-шағымдарын қарау және әлеуметтік желілердегі экологияға қатысты жарияланымдарға назар аудару.

Департамент осы жылдың 8 айында 23 тексеру жүргізген. Оның ішінде 7 профилактикалық бақылау, 6 талаптарға сәйкестікті тексеру және 10 жоспардан тыс тексеру орындалды. Бұл тексерулер нәтижесінде жалпы 55 әкімшілік іс қозғалып, 48 іс бойынша 170,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қазіргі уақытта бір іс сот қарауында болса, тағы екі іс Шымкент қалалық Полиция департаментіне жолданған.
Биыл ең күрделі экологиялық оқиғалардың бірі 27 шілдеде орын алған. «KMG Supple Company» ЖШС-не тиесілі аумақта 5000 қап техникалық күкірт өртеніп, нәтижесінде күкіртсутегі мөлшері ауада қауіпті деңгейге жеткен.

Сондай-ақ экологиялық заңбұзушылықтарды жою туралы 24 нұсқама беріліп, бірнеше іс сотта қаралуда. Мамандардың айтуынша, қаладағы өндірістік орындар мен тұрғындардың экологиялық нормаларды сақтамауы қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп отыр.
Экология департаменті жыл басынан бері 52 мемлекеттік қызмет көрсетіп, I санаттағы объектілерге экологиялық рұқсат беруге ерекше назар аударды. Жыл басынан бері 7 экологиялық рұқсат беріліп, 6 өтініш кері қайтарылды. Сонымен қатар, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесінде 5 оң қорытынды берілді, ал 4 өтінішке бас тартылды.

Биылғы жылы департамент 94 нысанды тексеріп, 1 249 сынама алып, 7 585 талдау жүргізді. Ауаның, судың және топырақтың сапасы мұқият зерттелді. Әсіресе, қала арқылы өтетін Қошқар-Ата және Қарасу өзендеріндегі су сапасы нашарлаған. Қошқар-Ата өзенінде шекті рұқсат етілген ластаушы заттардың концентрациясы 1,5 есеге өскені анықталды.
Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, полиция департаментімен бірлескен шаралар нәтижесінде, 125 автокөлік тексеріліп, 50 көлік ауаны нормадан тыс ластағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?