jasqazaq.kz

Шымкент: «Баланың бақытты мекені – отбасы» атты дөңгелек үстел өтті

07 қараша 2024, 14:18

Шымкент қаласында Ұлттық бала асырап алу агенттігінің ұйымдастыруымен «Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара елімізде Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу жөнінде ақпарат беріп, қатысушылар арасында пікір алмасуды көздеді. Еске салсақ, қазір осы институтқа қатысты заң жобасын Мәжілістің жұмыс тобы қарауында.

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, дөңгелек үстелге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру саласындағы өзгерістерді талқылау үшін білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту басқармаларының өкілдері, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері, педагог мамандар мен журналистер қатысты. Шарада кәсіби қабылдаушы отбасылардың ерекшеліктері мен баланы қабылдаған отбасылардың құқықтарын қорғау мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Қатысушылар кәсіби қабылдаушы отбасылардың міндеттері, олардың еңбек ақысы, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері жайлы қызу пікір таластырып, талқылау барысында «Кәсіби қабылдаушы отбасындағы баланың құқықтары кімнің бақылауында болады?», «Отбасының міндеттерін қалай қадағалау қажет?» деген сауалдар талқыланды. Сонымен қатар, отбасылардың қолдау механизмдерін жетілдіру қажеттілігі де аталып өтті.
«Ұлттық бала асырап алу агенттігі» жобасының басшысы Фарида Рахметова бұл институттың балалардың құқығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қызметкерлер мен қорғаншылық органдарының санын көбейтудің маңызды екенін атап өтті. Бұл шаралар өтініштерге жылдам жауап беруге, асырап алушы отбасыларға қажетті көмек көрсетуге, балалардың құқықтарының сақталуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік органдарға Кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы туралы жан-жақты мағлұмат берілді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын