jasqazaq.kz

«Шу болып кетеді деп ойламадым». Бас имамның үйі туралы видео таратқан адам кешірім сұрады

04 ақпан 2025, 15:22

Әлеуметтік желіде біреу «Астананың бас имамының үйі мынау» деп бейнежазба таратып, елді біраз шулатты. Бүгін ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы сол адамның халықтан кешірім сұраған видеосын жариялады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Кеше ғана: «Мен мынаны басында мешіт екен деп қалыппын. Сөйтсем, мынау Астананың бас имамының үйі екен, мешіт сияқты, дәәәу ғой, сұмдық. Ал енді садақа беріңдер. Әр жұма сайын салған садақаларың, міне, қайда кетіп жатыр? Не деген сарай мынау! Төрт әйелі бар дейді тағы. Жаңа осы үйдің аспазын алып келдім. Аспазы бар тағы. Сендердің садақаларыңмен жалақысын төлейді. Қалай Алладан қорықпайды. Ар жақтағы аумағын көрсең, 1 гектар жерді қоршап алған ғой», — деп таңдай қаққан ер адам бүгін басқаша сайрап отыр:

«Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Видеоны арам, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, TikTok-қа саламын деп түсірген едім. Сол үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан, сол үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де үш баланың әкесімін, жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырларыңызды кешіріп қойыңыздар. Шу болып кетеді деп ойламадым. Жаман оймен түсірсем, видеоны өз парақшама салмайтын едім».

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі