jasqazaq.kz

Шаруаларды сенделткен әкімдік

03 мамыр 2016, 12:58

Мәртөк ауданы әкімдігі ветеринарлық-санитарлық сараптам ажасайтын қолда бар жабдықтарды пайдаланбай, шаруаларды облыс орталығына сенделтіп қойған.

Аудан прокурорларының айтуларына қарағанда, мұндай сараптаманы жергілікті зертханада да жасай алады. Үкімет тарапынан жағдай жасалған. Ал онсыз да малдан нанын айырып отырған шаруалар Ақтөбеге қатынау үшін жол, т.б. шығындарын өздері көтеріп келген.
Қадағалау органы қызметкерлерінің араласуынан кейін барып, қымбат құрал-жабдықтар іске қосылып, шаруаларды қабылдай бастапты.
Сонымен бірге, Мәртөк билігі былтыр брюцеллезге шалдыққан жануарлардың шығынын өтеуге асықпағанға ұқсайды. Шаруалар малдарын арнайы цехқа тапсырады, алайда заңмен белгіленген шығынды ала алмай келді.
— Тексере келе, 85 мал иесіне 5 миллион теңгеден астам өтемақы төленді. Оның ішінде 5 шаруа қожалығына 580 мың теңге өтелді. Өз жұмыстарына немқұрайлылықпен қараған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде, Қобда ауданының 48 шаруасына 9,3 миллион теңге төленді, Шалқар ауданында шаруаларға 182 мың теңге қайтарылды, — дейді облыстық прокуратураның бірінші басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратов.

Асқар Ақтілеу

Ақтөбе

Бүгін, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды