jasqazaq.kz

Семейде құны 20 млн теңге болатын “синтетика” тәркіленді (Видео)

29 ақпан 2024, 14:23

Семейде есірткі сатушылардан құны 20 млн теңге болатын “синтетика” тәркіленді. Polisia.kz. хабарлағандай, Семей қаласында арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен полицияның жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері екі ұсталғанның тұрғынжайын тінту кезінде салмағы 500 грамнан асатын “мефедрон” психотроптық затын тауып, тәркіледі.

Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын телефондар алынды. Есірткі тұтынуға арналған 1500-ден астам бір реттік доза заңсыз айналымға жіберілмеді, олардың “қара” нарықтағы алдын ала құны 20 млн теңгеден астам сомаға бағаланады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

JQ-Aqparat

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу