Сара Тоқтамысова: Күйеуіне қара күйе жағып, өзі сүттен ақ көрінетін әйелдерді Құдай кешірсін!

21 маусым 2024, 11:46

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасына қатысты ойын ашық білдірді. Ол тіпті, әлеуметтік желіде біреудің өмірін талқылайтын оқырмандарға үндеу жасады.

«Қазір бізге біреудің өмірі өте қызық. 24 сағаттың 18 сағатында «әйелі былай депті», «күйеуі не жауап берді екен» бөтен отбасының парақшасын аңдумен отырамыз. Жұбайлық өмірдің түрлі сәттері болады ғой. Соның бәрін инстаграмға сала беруге қарсымын өз басым. Қазір әлеуметтік желіде отбасылық өмірді талқылау желдей есіп кетті. Мен зорлық-зомбылық, ұрып-соғу дегенге түбегейлі қарсымын. «Қарсы емеспін» дейтін әйел жоқ шығар?! Қисық қабырғаңнан жаратылған жанды өз әлеміңе сай етіп түзеп алам деу – ең ақымақ еркектің қағидасы. Оны ұрып-соғып тәрбиелей алмайсың. Егер әйелің көзіңе жын боп көрінсе, басқа жолын тап. Одан да босата сал. Ұрып-соғып, әке-шешесінен боқтап жөнге салу – бос әурешілік. Әйелге қолын тигізіп, әке-шешесінен боқтаған күні еркек өзінің «еркек» деген құнын түсіріп алады. Осыны ойлаңдар, азаматтар!», – деп жазды ақын.

Сондай-ақ айтыскер ақын заң шықты деп күйеулеріне жала жабатын әйелдерді де сынады.

«Мұның екінші жағы бар. Қазақстанда заң шықты екен деп пәлен жыл отасқан күйеулерін халық жауы құсатып ұстап беріп жатқан әйелдер де шығып жатыр. Біздің, әйелдердің, тіліміз өте ұзын. «Қой» дегенде қоя салмай, кей жігіттің тілін шығарамыз. Сондықтан болған жайтты жұртқа жайып, жөнсіз-жобасыз күйеуіне қара күйені жағып, өзі сүттен ақ, судан таза болатын әйелдерді Құдай кешірсін. Ешқашан тек бір жақ кінәлі болмайды, соны сарапқа салып ойлану керек деп ойлаймын. Біреудің өміріне араласып, пікір жазып уақытыңды бос кетірмей, өзіңме айналыс, өзіңе арна уақытты», – деді айтыскер.

JQ-Aqparat

16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері
30 наурыз, 12:48
Мұхит Тұрысбеков: Ауыз су мәселесін толық шешу – басты міндеттің бірі
28 наурыз, 17:40
“Жұмысшыларды роботтар алмастырып жатыр”. Кентау трансформатор зауыты инновациялық дамуға көшті
28 наурыз, 15:18
Машина жасау: инновациялық серпіліс