jasqazaq.kz

РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ШЫМКЕНТТЕ 100 МЕТРЛІК ТУ ТҰҒЫРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ

25 қазан, 17:31

Шымкентте Республика күніне орай 100 метрлік ту тұғырына Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қала тұрғындары мен қоғам өкілдері және жастар қатысты.Салтанатты рәсім мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің көрінісіне айналып, ел тарихындағы егемендіктің маңызын тағы бір рет айшықтады. Мемлекеттік ту – Қазақстанның тәуелсіздігінің, халықтың бірлігінің және мемлекет болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы.Биыл Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 36 жыл толып отыр.

1990 жылғы 25 қазанда қабылданған бұл тарихи құжат ел тәуелсіздігіне бастар жолдағы маңызды кезеңге айналып, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына негіз қалады.Бүгінде Республика күні азаматтарды ортақ құндылықтар, тарихқа құрмет және Отанның өркендеуіне деген ұмтылыс төңірегінде біріктіреді. Бұл мереке ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтаудың, сондай-ақ, мемлекеттің дамуына әр азаматтың үлес қосуының маңызын еске салады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова