jasqazaq.kz

Радиация қаупі расталмады

18 қараша 2016, 18:09

20161118171634

Алматы-Маңғышлақ бағытында жылжып бара жатқан пойыздың жүк вагонынан радиация деңгейі расталмады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. «2016 жылдың 17 қарашасында «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы жүк вагоны мен ондағы жүктегі (жалпы 7 жәшік) радиация деңгейіне дизометрикалық бақылау жасады.

ҚазАқпарат хабарлағандай, осы орайда дизометрикалық бақылау хаттамасы негізінде жүк вагонындағы сәулелену гаммасының рұқсат етілген деңгейі Кедендік одақ комиссиясы шешімімен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тауарларға қатысты Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келеді»,-деп атап өтілген таратылған мәліметте. Бұл ақпарат Шымкент қалалық бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының Шымкент станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы басшысы орынбасары атына жолданған хатында расталады. Кеше Шымкенттің теміржол вокзалында төтенше жағдай болдығандығы хабарланған еді.16 желтоқсан күні сағат 17.00 шамасында күш-қуат құрылымдарына Алматы-Маңғышлақ бағытында жылжып бара жатқан жолаушылар пойызының вагондарының бірінде радиоактивті зат бар екені жөнінде хабар түскен. Осы хабардан соң Шымкент стансасына терроризмге қарсы күрес қызметкерлері жөнелтіліп, пойыз тоқтатылып, тексерілді. Осы оқиғадан соң вагон қосымша жол бағытына ауыстырылды. Пойыздың өзі жолға шықты.

 

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл