jasqazaq.kz

Ұзынағаш оқиғасы: Прокурор қатаң жаза қолдануды сұрады

28 қараша 2016, 16:08

photo_31941

Алматы облысында үш ағайындының өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Еске сала кетейік, Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Әлімхан Қадылбек биыл Ұзынағаш маңында өлтірілген болатын. Қылмысқа қатысы бар осы ауылдың екі тұрғыны күдікті деп танылды. Tengrinews.kz хабарлағандай, олар — Талғат Сүлейманов пен Мұрат Оңалбаев. Сондай-ақ, сот отырысына ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымов та қатысып жатыр. Ол «қылмыс туралы хабарламағаны үшін» айыпталып отыр.


Мұрат Оңалбаев

Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы осы істегі басты күдікті Талғат Сүлеймановты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, прокурор екінші айыпталушы Мұрат Оңалбаевты жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтей отырып, 24 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал осы қылмыс жайлы хабарламаған ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымовты прокурор жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтей отырып, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Осыған дейін прокурор осы іске қатысты жаңа деректерді айтқан болатын.

Сондай-ақ, 25 қарашада өткен сот отырысында қаза болғандардың туыстарының моральдық және материалдық шығын ретінде 50 миллион теңге өндіріп алмақшы екені белгілі болды. Алайда басты күдікті Сүлейманов мұндай ақшаның жоқ екенін, өтемақыны төлей алмайтынын айтты.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі