jasqazaq.kz

Пирамидаға ақшасын салып жіберген 5 мың адам жылап жүр (видео)

01 маусым 2020, 12:57

Елімізде тағы 5 мың адам қаржы пирамидасынының құрбанына айналды. Жалған жарнаманың жетегінде кеткен азаматтар аталған ұйымға 37 миллион долларын өз қолдарымен апарып санап берген. Салымшыларға ай сайын салған соманың 30 пайызы көлемінде инвестициялық табыс уәде етілген. Оңай табысқа кенелеміз деген мыңдаған қазақстандық несие алып, көлігін, тіпті пәтерін сатып, инвестициялық компания құйған.

Кей азаматтан 200-300 тіпті 500 мың доллар салғандар бар. Компания 2019 жылдан бастап кеңсесін жауып, ақша төлеуді тоқтатқан. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бауыржан Қайырбасұлы, қала тұрғыны:

«4 мың доллар салдық жинап неткен ақшаларымызды. Октябр айында салған болатынбыз. Ноябрь айында келген кезде проценттерін бермей бастады».
Лесбек Оңласов, қала тұрғыны:

«Сатқан үйдің ақшасын, бала-шағамның тапқанын, анау қызым екі жыл болды жүмыс істемейді, Мать одиночка. Ол немеремізді оқытып жатыр».
«Лидер» инвестициялық компаниясы деген атпен белгілі ұйымның басшысы Рустам Тұрғанов деген азамат Біріккен Араб әмірлігіне қашып барып, сол жақтан салымшыларына видео үндеу жолдапты. Салымшылар қаржысын Биткойн саудасы мен құрылыс саласына салыпты. Түскен табыстан үстеме төлейтінін жеткізген. Бірақ сол кеткен мол кетіпті.

Рустам Тұрғанов, «Лидер» инвестициялық компаниясының басшысы:

«Бәрі қиналып жатыр, жасыратынды жасырып келдік қой осы күгне шейін шыны керек. Басқа таяқ болып тиіп жатыр. Бірақ шығамыз. Сендер үшін де мен төлеймін халыққа. Потаму что мені біледі. Маған сеніп маған келген».
Салымшылар полицияға арыз жазғандарымен нәтиже шамалы. Бүгін олар департаментке келіп, жауап беруді талап етті. Тергеушілер қол қусырып отырған жоқпыз, дейді. Осы компанияның басшысына халықаралық іздеу жарияланыпты. Тіпті сырттай қамауға алу туралы сот шешім шығарған. Осы уақытқа дейін 80 адамнан арыз берген. Күдіктінің үстінен аса ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған. Ал компанияда есепші, кассир болып жұмыс істеген тұлғалар әзірге куәгер ретінде жауап беруде екен.

Рустам Абдрахманов, Полиция департаменті басшысының орынбасары:

«Күдікті адам қазіргі таңда халықаралық іздеу ге жарияланды. Ұсталған уақытта міндетті түрде абақтыға қамалады».

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде