jasqazaq.kz

Петропавлда мүгедектігі бар қызды зорлады деген 2 ер адам анықталды 

05 тамыз 2022, 11:26

Петропавл полициясына 32 жастағы сырқат қыз жалға берілетін пәтерде зорланғаны жайында арыз түсті. Күдіктілердің екеуі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлда мүгедектігі бар қызды үш ер адамның зорлағаны жайында ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оқиға 3 тамызда болған. Зардап шеккен қыздың танысының айтуынша, ол бойжеткеннің ақыл-есінің кемістігі бар, анасы да ауырады. Көпқабатты үйдің ауласында әткеншек теуіп отырған оны көршілерінің бірі қасындағы үйге, жалға берілетін пәтерге алып кеткен. Ол жерде тағы екі ер адам болған. Тек таңертең ғана жіберген.

«Таңертең менің алдымнан шықты, оны ұрған. Не болғанын айтып берді. Полицияға барып арыз жазды. Сараптамадан өтті», — дейді зардап шегушінің танысы.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі осы дерекке қатысты түсінік берді.

«3 тамыз күні Петропавл қалалық полиция басқармасына Абай көшесіндегі жалға берілетін пәтерлердің бірінде облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы хабарлама түсті. Бұл факті ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы «Зорлау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция СҚО-ның 48 және 32 жастағы екі тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қалған ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді», — делінген хабарламада.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар