jasqazaq.kz

Орал қаласының жағалауын су басты

12 мамыр 2016, 21:30

Оралда Жайық өзені арнасынан тасып, жағалауды су басты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Нысанның құрылысына 450 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған еді. Су деңгейі төмендейтін емес, керісінше молайып жатыр. Жағалаудың бірінші сатысы түгелдей су астында, тасыған су екіншісіне таяп қалды. Қала тұрғындары су деңгейінің көтерілгенін өз көздерімен көру үшін жағалау маңына жиналған.
«Гранит тақталар мен қырлы тастар су астында қалды. Су сорылғаннан кейін олар бүлініп қалады», — дейді Виталий Сенчуков.

Қалалық әкімдіктегілер жағалау құрылысына 450 млн теңгеден астам қаржы жұмсалғанын атап өтті. «Келісімде көрсетілген шарттар бойынша мердігер ұйым жағалаудың жай-күйін 8 жыл бойы бақылауында ұстайды. Өзен арнасына түсіп, су бәсеңдегеннен кейін бүлінген жерлерді олар жөндейді. Жобада жағалауды су басып қалу жағдайы ескерілген», — деп атап өтті Орал әкімінің орынбасары Ғалым Ұрынғалиев.

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл