jasqazaq.kz

Олжас Бектенов әкімдерге жылу беру маусымына дайындықты жеделдетуді тапсырды

29 қыркүйек, 10:46

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі күн тәртібінен тыс қаралды. Онда әлеуметтік нысандарда жылуды уақтылы іске қосуға және энергия көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтауға назар аударылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жекелеген облыстарда жылу беру маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырамын. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс. Жылыту маусымын уақтылы, белгіленген мерзімнен кешіктірмей бастау қажет. Нысандардың дайындық паспорттарын алу үшін құжаттарды тапсыру аяқталып қалды. Ертең – соңғы күн.Әкімдер бұл мәселені жеке бақылауға алуы керек»,- деп атап өтті Премьер-министр.

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жылыту бес өңірде – Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында берілгенін, аптаның соңына дейін орталық, батыс және шығыс өңірлерде жылу іске қосылады деп күтіліп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, энергия нысандарында 4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут қоры дайындалды, 17 мың шақырым электр беру желісі толық жөндеуден өтті, төрт қосалқы стансадағы жұмыстар аяқталуға жақын. Жылу желілерінің жалпы дайындығы 99%-ды құрайды (377 шақырымның 374 шақырымы дайын).

Жоспар 82%-ға орындалған Семей қаласы ерекше бақылауда тұр. Жұмысты үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі