
Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтірудегі жетістігін жоғары бағалады. Ол бұл туралы 23 қазанда BBC арнасында көрсетілген Грэм Нортонның The Graham Norton Show бағдарламасында айтты.
Бағдарламада Қазақстандағы киіктер туралы әңгіме қозғалғанда, Уильям ханзада жойылып кету қаупі тым жоғары болған жануарлардың саны қазір күрт көбейгеніне тоқталды. Оның пікірінше, бұған Қазақстан үкіметінің киікті қорғауға ерекше мән беруі ықпал еткен.
— Бұл киіктер бір кездері жойылып кету қаупі аса жоғары жануарлардың қатарына кірген. Ал қазір олардың саны қайтадан күрт көбейді. Бұған Қазақстан үкіметінің осы жануардың ел үшін де, табиғатты қорғау ісі үшін де қаншалықты маңызды екенін түсініп, оны сақтауға бар күшін салуы себеп болды, — деді ханзада.
Еліміздегі киік саны туралы соңғы ресми көрсеткішію 2026 жылғы көктемгі санақта жарияланған еді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, елдегі киік саны 4 миллион 689 мың басқа жеткен.
JQ-Aqparat
Сурет: экология және табиғи ресурстар министрлігі