jasqazaq.kz

«Оқитын ұлт» жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды

18 қыркүйек, 12:33

«Оқитын ұлт» республикалық жобасына қатысу үшін миллионнан астам қазақстандық тіркелді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында жүзеге асырылуда.

Қатысушылар байқаудың жеті бағытының бірін таңдай алады. Тіркелгеннен кейін олар алты ай ішінде 15 кітап оқып, ұйым, аудан, қала және облыс деңгейлеріндегі бірнеше іріктеу кезеңінен өтеді. Өңірлік кезеңде қатысушылар командалық форматта бақ сынайды.

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев қазақстандықтардың жобаға деген қызығушылығы жоғары екенін атап өтіп, оқу мәдениетін дамыту – баршаға ортақ міндет екенін айтты. Екі апта ішінде миллионнан астам адамның тіркелуі бұл бастаманың халық арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша шамамен төрт мың қатысушы «Жыл оқырманы» атағы үшін күресін жалғастырады. Өңірлік іріктеу жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табысталады: бірінші орынға – 600 мың теңге, екінші орынға – 450 мың теңге, үшінші орынға – 300 мың теңге.

Келесі кезеңде қатысушылар эссе жазып, оқыған шығармаларын таныстырады және сарапшылар алқасының алдында өнер көрсетеді. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша әр өңірден 10 үздік оқырман анықталады.
Астанада өтетін республикалық финалға еліміздің барлық 20 өңірінен 200 адам қатысады. Финалистер тестілеуден, байқау тапсырмаларынан өтіп, қазылар алқасының алдында көпшілік алдында сөз сөйлейді. Финал қорытындысы бойынша Қазақстанның 10 үздік оқырманы анықталады. Олардың әрқайсысына 10 миллион теңге көлемінде бас жүлде беріледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу