jasqazaq.kz

Ойда жоқта банкке 300 мың теңге қарыз екен

07 желтоқсан 2016, 14:50

snimok

Қарағанды облысында банктердің бірінің қызметкерінің алаяқтық әрекеті тергеліп жатыр. Бұл туралы оқырман редакциямызға хабарлады.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Қарағанды облысы Шет ауданы Сәкен Сейфуллин кентінің тұрғыны екінші деңгейлі банктердің бірінен биыл тамыз айында 1 200 000 теңге көлемінде кредит алғанын айтады. Алайда ай сайынғы төлемі келісімшартта көрсетілген сомадан 10 мың теңгеге артық болып шыққан. Осыдан кейін тұрғын банктің басшылығына барып, мән-жайды білген. Айтуынша, банктің қызметкері кредитті рәсімдеу кезінде соманы 1 500 000 теңге деп көрсетіп, ал банк клиентіне 1 200 000 теңге деп көрсетіліп, жалған қол қойылған келісімшарт берген. Келісімшартта мөр де жоқ болып шыққан. Қазіргі уақытта, жәбірленушінің айтуынша, банк қызметкері ұсталған және кінәсін толығымен мойындаған.

Ал Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл істі Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі қараған. «Банк қызметкерлері тарапынан болған алаяқтық дерегі туралы арызданушының өтініші ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасы Орталық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген», — деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс бойынша Орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланып отыр.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты