jasqazaq.kz

Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды (Видео)

16 қыркүйек, 12:31
Фото: Instagram/fariza.almazovna/Видеодан скрин

Бүгін актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Сот шешімімен ол 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Руслан Өтепбай өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Бұл іс оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызымен арадағы дауға байланысты қаралды. Айыптау тарапы Жақсыгеннің әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайына қатысты ақпарат таратып, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргенін алға тартқан. Ал Нұрсұлтан Жақсыген бұған дейін кейбір даулы жазбалардың өзіне қатысы жоқ екенін, өзінің атынан жалған парақшалар ашылғанын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, сот процесінің соңғы отырыстары жабық форматта өтті.

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу