jasqazaq.kz

Муслим Хасенов: Қазақстан тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктерін жетілдіріп келеді

15 қазан, 18:48

Варшава конференциясы: Қазақстан әйелдер мен балаларды қорғаудың кешенді тәсілін дамытуда
ЕҚЫҰ конференциясында Қазақстанда әйелдер мен балаларды қорғау шараларының күшейтілгені айтылды
Муслим Хасенов ЕҚЫҰ алаңында әйелдерді қорғауға бағытталған заңнамалық шаралар туралы айтты
Қазақстанда соңғы жылдары гендерлік теңдікті нығайтуға, әйелдер мен балаларды отбасындағы зорлық-зомбылықтан жан-жақты қорғауға бағытталған бірқатар маңызды заңнамалық шара қабылданды. Бұл туралы Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның Адами өлшем жөніндегі конференциясының сессиясында заң ғылымдарының PhD докторы, профессор, құқық саласындағы тәуелсіз сарапшы Муслим Хасенов айтты.
Сарапшының сөзінше, Қазақстан әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жүйелі түрде жетілдіріп келеді. Мемлекет қауіпсіздіктің сенімді кепілдіктерін қалыптастыруға және зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін дамытуға ерекше назар аударады.
Бұл бағыттағы маңызды кезеңдердің бірі – 2024 жылғы сәуірде күшіне енген ауқымды заңнамалық түзетулер.
Атап айтқанда, ұрып-соғу мен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастыруға қатысты өзгерістер мұндай әрекеттерге құқықтық баға берудің қатаң тәсілін бекітіп, жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталды.
Муслим Хасенов қабылданған түзетулер отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің мемлекеттік жүйесін дамытудағы маңызды практикалық қадам екенін атап өтті.
«Соңғы жылдары Қазақстан гендерлік теңдікті нығайту және әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бағытында маңызды қадамдар жасады», – деді сарапшы халықаралық алаңдағы сөзінде.
Профессор 2024 жылғы заңнамалық өзгерістер әйелдер мен балаларды қорғаудың құқықтық тетіктерін кеңейтіп, физикалық зорлық-зомбылықтың кез келген түрінің жолын кесуге мүмкіндік беретін неғұрлым тиімді жағдай қалыптастырғанына да тоқталды.
Енгізілген құқықтық тетіктер ұлттық адам құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен теңдікті нығайтуға ықпал етеді.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі