jasqazaq.kz

Моншаның лас суы бұлаққа жақындап қалды

20 тамыз 2016, 20:27

20160820184709

Табиғат байлығын бағаламағандар бұлақ суын ластап жатыр. Көксәйек тұрғындары ертеден киелі тұтатын бұлаққа моншадан шыққан шайынды су құйылып жатқанына налиды.
Осыны жасаған кәсіпкердің қылығын заңсыз деп, жауапты мекемелерге шағымдануда.
Ел аузында киелі атанған бұл бұлақ тек өңірімізге ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдіктерге де белгілі. Мұнда ем іздеп келушілердің қарасы қалың. Солардың бірі — Игорь Степанов бұл жерге арнайы Омбыдан келген. Бұлақтың емдік қасиеті барын көп естіген ресейлік азамат арнайы келіп, зәмзәм суынан дәм татыпты.

20160820184704
Көксәйектегі өзен арнасындағы бұл бұлаққа таяқ тастам жерде монша соғылған. Тұрғындар одан шыққан шайынды су бұлақ суын былғайды деп ашынып отыр.
Ал экологтардың айтуынша, қолданыстағы заңда жер асты суы көздерін ластауға болмайтыны жазылған. Сондықтан өзен сағасына салынған моншаны бұздыртуға атсалыспақ.
Моншаның жұмысына наразылық білдіргендер табиғатты қорғау департаментіне арызданып үлгеріпті. Егер жергілікті жауаптылар қандай да бір нәтиже шығармаса, жоғарыдан көмек сұрайтындарын жеткізді.

ҚазАқпарат

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл