jasqazaq.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арман Қырықбаев Тэджондағы генерал Хон Бом До жерленген мемориалдық кешенге барды

16 қыркүйек, 21:38

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Тэджон қаласындағы мемориалдық кешенге барып, сонда жерленген көрнекті корей қолбасшысы, генерал Хон Бом Доның рухына тағзым етті.
Айта кетейік, министр Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барған Мемлекет басшысы бастаған ресми делегация құрамында.
Кешенде құрмет қарауылының қатысуымен арнайы рәсім өтті. Арман Қырықбаев ел тәуелсіздігі жолында күресіп, Отанын қорғауға ғұмырын арнаған жандарға құрмет білдіріп, мемориалға гүл шоғын қойды. Сондай-ақ генерал Хон Бом Доның рухына тағзым етті.


Тэджондағы бұл мемориалдық кешен Корея Республикасындағы аса маңызды тағзым орындарының бірі саналады. Мұнда елге айрықша еңбек сіңірген 150 мыңға жуық адам мәңгілік тыныс тапқан. Генерал Хон Бом Доның есімі Қазақстан мен Кореяны байланыстыратын ортақ тарихта айрықша орын алады. Ол өмірінің соңғы жылдарын Қазақстанда өткізіп, Қызылордада жерленген еді. 2021 жылы Қазақстанның қолдауымен оның сүйегі атамекеніне жеткізіліп, Тэджонда қайта жерленді.
Биыл генерал Хон Бом Доның сүйегі Қызылордадан Корея Республикасына жеткізілгеніне бес жыл толады. Оның тағдыр жолы екі халықты өзара жақындастырған ортақ тарихтың тағылымды бір белесіне айналды.
Сапар соңында Арман Қырықбаев құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Мемориалдық кешендегі бұл рәсім екі елдің тарихи мұрасына деген құрметті айғақтап, Қазақстан мен Корея арасындағы байланысты одан әрі нығайтудың маңызын көрсетті.

JQ-Aqparat
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды