jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

21 қыркүйек, 9:06

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы аталған сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін, ал дауыс беру нәтижесі Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің стратегиялық бағдарын халық кеңінен қолдайтынына айқын дәлел болғанын атап өткен.

– Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ, – делінген құттықтауда.

Жеделхатта Қазақстан-Ресей одақтастық қарым-қатынасының маңызды бөлігі ретінде парламентаралық ықпалдастыққа айрықша назар аударылған.

Қазақстан Президенті Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті