jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады  

01 қазан, 15:17

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеделхатта: «Ұлы Қытай тарихында жаңару мен жаңғырудың бірегей нышаны болған бұл күннің орны ерекше. Еліңіз өзіндік дәстүрі мен бай мәдениетін сақтап, даму мен экономикалық өрлеудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Әсіресе, Қытайдың ғылыми-технология, инновация мен цифрлық экономика салаларындағы толағай жетістіктері жаһанды таңғалдырды, – деп жазылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілікке негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестік тың қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар биыл Шанхайдағы жүздесу өзара ықпалдастықтың келешегіне деген ортақ көзқарасты бекемдеп, сан қырлы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге жол ашқанына тоқталды.
Президент Қытай Төрағасының жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті