jasqazaq.kz

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: күдіктілер анықталып, қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр

25 қыркүйек, 12:42

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында бірінші кезектегі тергеу іс-шараларының нәтижелері және болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау жөніндегі кезекті қадамдар қаралды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Маңғыстау әкімдігіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, қаза болу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі («ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық істер қозғалған.
«Тергеу барысында әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға және құтқару іс-шараларын жүргізуге байланысты заң бұзушылықтарға жол берді деп күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Олардың іс – әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», — деді Санжар Әділов.
Оқиғадан кейін құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы туралы мәселе жеке қаралды. Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың айтуынша, әскери қызметшінің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әскери қызметші есін жиып, барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Жанында ата-анасы бар.
Отырыс барысында қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, барлық түскен қаражатты бөлудің абсолютті ашықтығын қамтамасыз етіледі. Бұл ретте материалдық көмек заңда белгіленген мемлекеттік төлемдер мен өтемақыларды ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдері мен меценаттар тарапынан қаржылық қолдауды да қамтитын болады.
Осы қаражатты шоғырландыру үшін арнайы қор ашылды. Қор қызметін Маңғыстау облысының әкімдігі тұрақты бақылауға алды.

JQ-Aqparat

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігі

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді