jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында 71 блогер кірісін жасырған

19 ақпан 2025, 12:47

Маңғыстау облысында 71 блогердің шоттарынан 12,9 миллиард теңге сәйкессіздіктер анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, салық міндеттемелерін толық орындау мақсатында блогерлерді қоса алғанда, жеке тұлғаларға салықтық әкімшілендіру тұрақты түрде жүргізіліп жатқаны хабарланып келді. Алайда, бақылау шараларының нәтижесінде сәйкессіздіктер анықталды.

— Маңғыстау облысында түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша 71 тұлғаға 12,9 миллиард теңгеге сәйкессіздіктер табылды. Соған сәйкес, осы азаматтарға ағымдағы жылдың 13-14 ақпаны аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша, камералдық бақылау хабарламалары жіберілді, — делінген департамент ұсынған хабарламада.

Ал, хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігі тапсырылуы тиіс. Ол үшін 30 күн уақыт берілген. Келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет.

Департамент мамандары сонымен қатар, табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударады.

inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі