jasqazaq.kz

Малды қағаз жүзінде көбейтіп, миллиондаған субсидия алған: Түркістан облысында 103 млн теңгелік схема әшкереленді

16 қыркүйек, 10:36

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген күдікке ілінген қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады Тергеу нұсқасына сәйкес, заңсыз схеманы іске асыру үшін үшінші тұлғалардың атына ресми түрде тіркелген 4 жеке кәсіпкерлік, «Нұр-Келес» ЖШС және «Бимен С.» ЖШС пайдаланылған, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кәсіпкерлік нысандарын күдіктілер өздеріне берілген электрондық цифрлық қолтаңбалар, мөрлер және банк шоттарын басқаруға құқық беретін нотариалды сенімхаттар арқылы іс жүзінде бақылауда ұстаған.

Аталған кәсіпкерлік нысандары арқылы ақпараттық жүйелерге ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу мен олардың қолда бары, сондай-ақ асылдандыру жұмыстарының жүргізілгені туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізілген. Кейін осы мәліметтердің негізінде субсидия алуға электрондық өтінімдер берілген.

Бюджеттен алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген және жеке мақсаттарына жұмсалған. Келтірілген залалдың жалпы көлемі — 103 млн теңге.

Соның салдарынан адал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға арналған бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалған.

Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 2 тұрғын үй, 4 автокөлік, автотұрақ орны және жер телімі бар. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу