jasqazaq.kz

Маңғыстау: Газ керек

04 тамыз 2017, 17:22

Қара алтынның қаймағын сүзіп отырған Маңғыстау газдан тапшылық көруіп жатыр десе, құлаққа ерсі естіледі екен. Бірақ мұнайлы өңірде осымен екінші рет сұйық отын жетіспей, жұрт шақырайған күн астында кезекте тұр. Уақытын кезек күтумен өткізген бір жүргізуші «Қаланың бүкіл жерін айналып келдім, бәрінде кезек. Әр бекетте 50-100 машинадан тұр. Уақытымыздың бәрін осы кезекпен жоғалтамыз. Жұмысымыз жоқ па, бала-шағамыз жоқ па біздің?!» — деп кейіді.

Бұл жағдай неге жиі қайталанады? 24.kz хабарлағандай бұрын бензин безгегі есті алатын, енді газ тапшылығы алқымды қысады. Газ бен мұнайдың үстінде отырған Маңғыстау үшін бұл шынымен түсініксіз жағдай. Әлде, жиі-жиі қайталанатын газға тәуелділікке зауыт басшылары, тасымалдаушы компаниялар, ортадан пайда табатын делдалдар кінәлі ме? Газ құю бекетінің қожайыны Тағанияз Боқанұлы «Қала бойынша жекеменшік 50 шақты газ бекеті бар. Бәрі жабық. Себебі газ жоқ. Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытынан айына 60 тонна ғана газ жеткізіледі. Жаз айында ол ешкімге жетпейді» — дейді.

Мұнайлы өңірге жазда саяхатшылар да көп ағылады. Қарт Каспийдің жағасы демалушыларға таптырмай аймақ. Бұл мезгілде көлік те әдеттегіден екі есе көбейеді. Өңірдегі «темір тұлпардың» 70 пайызы газға ауыстырылған. Осындай түйткілдің болатынынан хабардар атқамінерлер неге ерте қамданбайды?

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде