jasqazaq.kz

Ұлы Дала елінің әуендері CD дискіде

10 ақпан 2016, 16:34

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне «Астана Опера» театры XX ғасырдағы қазақстандық композиторлардың симфониялық музыкасының антологиясын шығарады. Жобаны театрдың шығармашылық ұжымы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» бас дирижері Алан Бөрібаев жетекшілік ететін Симфониялық оркестрі жүзеге асырады, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстанның бай музыкалық мәдениеті керемет шығармалардың асыл қазынасын жинақтады. Симфониялық музыканың антологиясына XX ғасырдағы қазақстандық композиторлардың аса көрнекті туындылары енеді. Дүниежүзілік музыкалық мұраның бөлігі болатын бірегей антологияны үшінші мыңжылдықтың ұрпағына қалдыру жоспарланып отыр. Оған жоғары сапалы CD дискілер, партитуралар, әр туындыға үш тілде берілетін түсініктеме кіреді.

«Бізге үлкен сараптама жұмысын жүргізу қажет болып тұр, мақсатымыз – симфониялық музыка мұрасын жинап, болашақ ұрпақ үшін сақтау. Өкінішке орай, қазір барлық шығармалар бытыраңқы күйде, бөлек-бөлек. Кейбір шығармалар орындалмаған күйі «үстелде жатыр», ал енді бірі, мысалы, винил күйтабағына жазылғандарының сапасы өте нашар. Біз бұл туындыларды орындап, жазып алуды мақсат етіп отырмыз, алайда, ноталарды табу (түзету), қажетіне қарай, барлық нота материалдарын қайта басып шығару сияқты алдын алу жұмыстары тағы бар. Сосын барып осылардың негізінде шығармаларды әйгілі дирижеріміз Алан Бөрібаев жетекшілік ететін «Астана Опера» симфониялық оркестрі орындайды», — дейді музыкатанушы Маржан Жәкенова.

Жоба әділ және барынша айқын болуы үшін театрдың шығармашылық ұжымы сарапшылармен және ғалымдармен тығыз жұмыс істеуі қажет: театрдың музыкатанушылары композиторлар Одағындағы, музыкалық оқу орталықтарындағы, кітапханалардағы, Алматы мен Астана қалаларының мұрағаттарындағы әріптестермен тығыз жұмыс істеп, көрнекті композиторлардың туыстарынан да ақпарат жинауы керек.

Қазір осы жинаққа кіретін композиторлар мен олардың шығармаларының тізімін жасап жатырмыз. Театр басшылығы, XX ғасырдағы қазақстандық композиторлардың симфониялық музыкасының антологиясын ұлттық сана-сезімге, өткен заманға, ұлттық музыка мен мәдениетке деген қызығушылықты тудырған Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының құрметіне арнайтынын атап өтті.

Дереккөз:BNews.kz

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл