Лайланған көл, қоқысқа толы су, жағымсыз иіс

30 маусым 2016, 15:22

Bjvti17ufZhOKUfZ4PupYlQ684k0Vw

Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінің жағдайы мәз емес. Оны қалпына келтуіруге қажетті қаражат шығыны жыл санап артып келеді. Ал Мұғалжар ауданының Көкжиде құм қойнауындағы мөлдір, ауыз су қоры мұнаймен ластана бастады. Ал қала маңындағы өнеркәсіптік өндіріс орындары зиянды қалдықтарын ағызып жіберіп жатқан Елек өзенінің мәселесі ондаған жылдар бойы шешімін таппай келеді. Қандыағаш, Алға, Ақтөбе қалаларындағы шіріген жұмыртқаның иісіне бергісіз сасық иістен тұрғындардан маза қашты.
Осы және өзге де қоршаған ортаны қорғау қатысты мәселелер Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеуді басқару басқармасының басшысы Нұржан Аққұл және оның қарамағындағы мамандармен өткен баспасөз конференциясында егжей-тегжей айтылды.

Шалқардан бастасақ… Қызылорда облысымен шектесетін аймақта орналасқан жасанды су қоймасы. Мұғалжар тауларынан ағатын, Қауылжыр өзені арқылы құйылатын шағын көл. Табаны лайланып, суы азайып барады. Қамыс басып кеткен су кейде борсып саси бастайды. Шалқар тұрғындары жан-жаққа хабарласып, мұңдарын шаққанмен, нәтиже болмай отыр.
Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім бастығы Елена Лемешкинаның айтуынша, Шалқар көлінің мәселесі жайлы Үкіметке сан мәрте ұсыныс та жасалып келеді. Көл табанын лайдан тазарту үшін 5 миллиард теңгеге жуық қаражат керек екен. Оның айтуынша, ұсыныстың қолдау таппай жатқаны – қаражатың жоқтығынан көрінеді. Сәйкесінше, көл мәселесі бүгін-ертең, жалпы, алдағы жылдары шешіле қоюы екіталай.
Ақтөбе облысы тұрғындарын алаңдатып келе жатқан мәселелердің бірі сасық иіс. Осы жолы да басқарма басшысы олардың бар екенін бір тізбектеп шыққанымен, мәселелердің нақты қашан шешілетінін дөп басып айтып бере алмады.
2015-2017 жылдарға жасалған жоспарларға сәйкес, облыс орталығындағы кәріз суларын құю стансаларының құрылысы, өнеркәсіп аумағындағы барда (спирт өндірісіне қажетті шикізат) жинақталған аумақты қалпына келтіру жобасына бюджетен қаражат бөлінген екен.
Басқарма басшысы Нұрлан Аққұл «Облыс бойынша 11 қатты тұрмыстық қатты полигон бар. Қалған елді мекендерде тек арнайы қоқыс жинайтын орындар белгіленген. Осы жылы Мәртөк, Қобда, Байғанин аудандарының орталықтарында полигон салу үшін құжаттамалар әзірленуде», — дейді.
Ол Қандыағашта «Кентавр» ЖШС-тің жұмысын экологтардың бірнеше рет тексергенін алға тартып, нәтижесінде, жағымсыз иістің тұрғындарға зияны жоқ дегеннен артық ештеңе айтпады. Алға ауданының орталығындағы иіс туралы да мардымды ештеңе айтылмады. Зияны болмаса, әлі де шыға береді деп түсіндік.
Өз кезегінде, Ақтөбеде қатты тұрмыстық қалдықтар өңдейтін зауыт салу үшін облыс әкімдігі мен Нидерландының «RentehB.V.» қаржы холдингі арасында меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда жер телімдері рәсімделіп, полигонды ұзақмерзімді пайдалануға беру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталады.
Көкжиде құм алқабындағы жерасты суларының да жағдайы ұдайы тексеріліп тұрады. Арнайы жүргізілген монтиоринг қорытындысы судың мұнаймен, ауыл металдармен, тағы басқа зиянды заттармен ластанғанын көрсетіп отыр. Бұл ретте мұнайдың үстінде отырған Мұғалжар мен Темір аудандарының тұрғындары мұнайы бар су ішіп отырғаны туралы аз айтылмайды.
Әзірге, ақтөбелік табиғат қорғаушылардың қолынан келіп отырғаны – Көкжиде су қойнауы бойынша шара қолдану жөнінде тек Үкіметке хат жолдау ғана. Бірнеше компания бұл маңда қара алтын өндіріп келеді. Мұнай айдау жұмыстарын Көкжидеде мүлдем тоқтату туралы бастама да естіліп жатады. Бірақ, мүмкін емес нәрсе секілді.
Ақтөбенің шетіндегі өндіріс орындары қалдықтарын ағызып отырған Елек өзенінің мәселесі өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері өзекті. Оны «тарихи ластану» деп те айдарлаған.
— Қазіргі таңда 12 шақырым өзеннің суы ластанған. 2012 жылы қоршаған ортаны қорғау министрлігі 800 гектар алқапта тәжірибе жұмыстары қолға алынды. 2012-2013 жылдары бұл жұмыстарға 800 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Алты валентті хромды химиялық реакцияның көмегімен инертті үш валентті хромға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Алдыңғы элементке қарағанда, кейінгісі аса зиянды емес. Содан кейін екі жыл көлемінде министтрлік мониторинг жүргізіп келді. Қазіргі таңда жергілікті билік министрлік алдында осы жұмыстарды жалғастыру жөнінде ұсыныс жасап отыр, — дейді басқарманың бөлім бастығы Елена Лемешкина.
Табиғат қорғаушылары Ырғыз жеріндегі киік популяциясын сақтап қалу үшін қасқырлармен күресуді бастап кетіпті. Биылдың өзінде 725 бас қасқырдың көзін жою керек екен. Бұл үшін 6 миллион теңге қарастырылған, жыл басталғалы 200 қастыр өлтірілген.
Бұл жұмыстарды жануарлар дүниесін қорғау мақсатында, соның ішінде облыс аумағында киіктердің популяциясын сақтап қалу және құтырма аурулардың алдын алу мақсатында қолға алып отырмыз, — деді облыстың бас табиғат қорғаушысы.
Облыста экология мәселесі көп. Жылдар бойы айтылып келе жатқанымен, олар шешілмей келеді. Кен орындарынан әлеуметтік төлемдер алынып келетін. Қаржы дағдарысына байланысты бюджет алдында қарыздары көбейіп келеді.
Басқарма басшысы Нұрлан Аққұлдың есебінше, 2016 жылдың алғашқы бес айында облыс аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылар 3 миллиард теңгеден астам әлеуметтік төлем төлеулері тиіс екен. Әзірге жоспар 30 пайызға орындалып, 1 миллиард төленді. Қалған қаражаттың қашан түсетіні белгісіз, өйткені дағдарыс қыспаққа алған кейбір компаниялар жабылудың алдында тұр.

Асқар Ақтілеу,

Ақтөбе

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді