jasqazaq.kz

Күніне 0,25%-ға дейін сыйақы есептелген: «01market» ломбардтар желісінің заңсыз қызметі тоқтатылды

16 қараша, 10:57

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «01market» ломбардтар желісін ұйымдастырушыға қатысты микрокаржылық қызметпен заңсыз айналысу дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Заңсыз қызметтен түскен табыс 102 миллион теңгеден асқан.

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан бері күдіктінің бақылауындағы «INVEST PRO KZ» ЖШС, «Исмагулов Р.Б.» және «Pro Kz» жеке кәсіпкерліктері комиссиялық сауданы бүркемелеп, тиісті лицензиясыз мүлікті кепілге алып, қарыз беріп келген.

Олар қызметінің шынайы сипатын жасыру үшін клиенттерге комиссиялық сауда мәмілесі жасалғандай етіп кепіл билеттерін рәсімдеген. Қарыз қолма-қол ақшамен беріліп, оның пайызы, мерзімін ұзартқаны үшін алынатын төлемдер мен айыппұлдар аталған кәсіпкерлік субъектілерінің шоттарына түсіп отырған.

Қарыз 30 күнге беріліп, оған күніне 0,25%-ға дейін сыйақы есептелген. Қарызды уақытында қайтармағандарға қосымша айыппұл салынып, ол төленбеген жағдайда кепілге қойылған мүлік сатылған.

Мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен екі пәтерге, үш автокөлікке және екі кеңсеге тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сурет: Видеодан кадр

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті