jasqazaq.kz

Куәгерлер Боқаевтың жиеніне тиесілі компанияның автошеруді ұйымдастыруға қатыспағанын растады

04 қараша, 19:53

Бүгін Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевқа қатысты іс бойынша халықаралық автошеру кезінде логистикалық және техникалық қызмет көрсеткен кәсіпкерлерден жауап алынды. Олардың сотта берген айғағы жобаның Қазақстан аумағындағы бағытын ұйымдастырып, барлық шығынды «We Can» ЖШС төледі деген компанияның директоры Жұлдыз Артықбаеваның сөзін растады.
«CM Service» ЖШС-нің бұрынғы директоры К. Юрченко құрғақ порт маңында орналасқан өз кәсіпорны Қорғасқа аттанар алдында, яғни 2018 жылдың қыркүйегінде автошеру қатысушыларын тамақпен толық қамтамасыз еткенін мәлімдеді. Бұл қызметке тапсырыс беріп, ақысын төлеген «We Can» ЖШС болған. Қатысушылардың демалысына жұмсалған шығынды да осы ЖШС өтеген. «Chimbulak Development» компаниясының бухгалтері Л. Жылқышова тау шаңғысы курортының аспалы жолымен жүру билеттерін де Артықбаеваның компаниясы сатып алғанын айтты.
«We Can» ЖШС Алматыдағы іс-шараларды өткізу үшін жеке мердігерлерге дейін өзі жалдаған. Кәсіпкер Д. Лихачевтің сөзінше, 2018 жылдың қыркүйегінде Артықбаеваның компаниясы одан «Рахат Палас» қонақүйінде сахна, жарық және дыбыс жабдықтарын жалға алып, оларды орнату қызметіне тапсырыс берген. Куәгер қажетті жабдықтар ұсынылғанымен, ешқандай бейнеролик түсірілмегенін жайып салды. Әлбетте, оның бұл сөзі Боқаевтың деректі фильм түсірілді деген уәжімен қабыспай қалды.
Басқа локациялардағы қызметтердің ақысын да Артықбаева төлеген. Жеке кәсіпкер Д. Толканов «Қазақстан» қонақүйінің Grand Ballroom залында іс-шара ұйымдастырғаны үшін «We Can» ЖШС-нен ақша аударымдары түскенін растады. Артықбаева тарапынан берілген тапсырыстар мен төлемдер туралы сотта 69 450 теңге көлеміндегі қаржы аударымын алға тартқан «НФО Здоровье» ЖШС директоры М. Лесков та, тағы екі куәгер Сәрсенбаева мен Әкімова да мәлімдеді.
Автошеруді ұйымдастырумен қатар, соттағы жауап алу барысында Боқаевтың жеке бизнесіне қызмет көрсету деректері де анықталды. Куәгер А. Қоныртаева 2019-2020 жылдары Артықбаеваның одан «Арт Романс» жиһаз компаниясына арналған жарнамалық буклеттер мен парақшалардың дизайнын әзірлеуге тапсырыс бергенін айтты. Бұл бұрынғы кеңесшінің мердігер ұйымның директорын өзінің жиһаз цехындағы жұмыстарды орындауға да тартқанын көрсетеді.
Сотта «Даму» бухгалтерлік компаниясының басшысы А. Мауытқанов та жауап берді. Оның айтуынша, 2018 жылдың қыркүйегінде ол «BM Trust» ЖШС-мен бухгалтерлік есеп жүргізу жөнінде келісімшарт жасасқан. Еске салсақ, Боқаевтың жиенінің атына рәсімделген бұл компания автошеруді ұйымдастыру үшін 47 миллион теңгеден астам қаржы алған.
Осылайша, қызмет көрсеткен серіктес компаниялардың өкілдерінің сотта берген айғақтары Артықбаеваның сөзін растады: оған тиесілі «We Can» ЖШС-і жобаның негізгі ұйымдастырушысы ретінде адамдарды жалдап, қызмет ақыларын төлеп отырған, ал Боқаевтың жиеніне тиесілі компания тек сырттан тартылған бухгалтерлердің қызметіне ақы төлеумен шектелген. Автошеру қатысушыларына көрсетілген қызмет үшін берілген бірде-бір түбіртекте екінші компанияның атауы мүлде кездеспейді.

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты