jasqazaq.kz

Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына арналған республикалық суретшілер симпозиумы қорытындыланды

07 қараша, 14:04

Қазақстанның халық суретшісі, кескіндемеші, график және кино суретшісі Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ұлттық бояу. Мәңгілік мұра: Сахи Романов – 100 жыл» республикалық суретшілер симпозиумы қорытындыланды.

Бірнеше күнге созылған симпозиум барысында еліміздің әр өңірінен келген кәсіби суретшілер пленэрге қатысып, Сыр өңірінің табиғатын, тарихы мен мәдениетін, бүгінгі келбетін өз туындыларына арқау етті. Шығармашылық бағдарлама аясында студенттер мен қала тұрғындарына арналған шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, тәжірибелі суретшілер өздерінің көркемдік әдіс-тәсілдері мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Жабылу рәсімінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы сөз сөйлеп, симпозиумның өңірдің мәдени өміріндегі маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қатысушы кәсіби суретшілерге облыс әкімінің Алғыс хаттары мен арнайы сертификаттарын, ал өңірдің жас суретшілеріне Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының басқарма төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы ұлттық бейнелеу өнерін насихаттаудағы мұндай шығармашылық басқосулардың маңызына тоқталып, суретшілер арасындағы ынтымақтастық пен кәсіби тәжірибе алмасудың қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, шараны ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің және С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұжымдары Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Симпозиумның қорытындысы ретінде қатысушылардың пленэр кезінде және шығармашылық жұмыс барысында салған туындыларынан көрме жасақталды. Экспозицияға барлығы 50 шығарма қойылды. Онда Сыр өңірінің табиғаты, тарихи-мәдени ерекшеліктері мен бүгінгі тыныс-тіршілігі суретшілердің өзіндік көркемдік көзқарасы арқылы бейнеленді. Көрмені тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары авторлардың еңбектерімен танысып, симпозиумның шығармашылық нәтижесін көрді.

Республикалық симпозиум Сахи Романовтың шығармашылық мұрасын ұлықтап, ұлттық бейнелеу өнерін дәріптеуге, кәсіби суретшілер арасындағы шығармашылық байланысты нығайтуға және Сыр өңірінің мәдени әлеуетін кеңінен танытуға үлес қосты.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар