Қызметкерлер ұзақ мерзімді демалыстарында сақтандыру мәртебесін жоғалтпауы тиіс

21 маусым, 21:45

Азаматтар ұзақ мерзімді демалыстарында сақтандыру мәртебесін жоғалтпаулары тиіс. Бұл тұрғыда 2024 жылғы 21 сәуірден бастап қызметкерлердің ұзақ мерзімді демалысқа шығуы кезінде жарналар мен аударымдарды төлеуге қатысты түзетулер заңды күшіне енген болатын.

Мұндай түзету енгізудің өзіндік себебі бар. Өйткені былтыр 200 мыңнан астам қызметкер МӘМС жүйесінде мәртебесінен айрылып қалған болатын. Оның себебі ұзақ демалыста болып, олардың жарналары мен аударымдары демалыс ақысы төленген ай үшін бірыңғай төлеммен жүргізілген. Соның нәтижесінде төленбеген күнтізбелік ай пайда болды (демалыс бір айдан астам уақытты қамтыды), ал жүйе кезеңдерді өткізіп алмай төлеуді талап етеді. Бұған дейін, індет кезінде, қызметкер өткізіп алған екі төлеммен мәртебесін сақтап қалған еді, бірақ аталған ереже 2023 жылдың қазан айында күшін жойды. Ол кезде аталған тұлғалардың мәртебесі реттеліп, қалпына келтірілген болатын.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары атап өткеніндей, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін жұмыс берушілер бір немесе бір күнтізбелік айдан асатын ақылы еңбек демалысы кезеңіне кірісті есептеу кезінде аударымдар мен жарналарды демалыс күндерінің санына тепе-тең есептелген кезеңдер бойынша бөле отырып, бір төлеммен жүргізу қажет.

Мысалы, мұғалімнің еңбек демалысы 25.06.24 ж.бастап 18.08.24 ж. дейін (56 күнтізбелік күн) кезеңге келеді. Бұл жағдайда МӘМС-ке төлемдерді аудару маусым айында (демалыс төлемдерін төлеу кезінде) маусым, шілде, тамызға бөлінген үш жол бойынша бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылуға тиіс. Әр ай үшін сома тиісті демалыс күндеріне сәйкес, маусымда 7 күнге, шілдеде 31 күнге және тамызда 18 күнге есептеледі.

Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:

— Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
— fms.kz ресми сайты
— Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
— 1414 байланыс орталығы,

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:34
Президент: Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ мемлекетін құру ісінде шешуші роль атқарғанын міндетті түрде айтуымыз қажет
Бүгін, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза