jasqazaq.kz

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

01 қазан, 16:38

2026 жылғы қыркүйекте айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып, 0,6% құрады.

Ай ішінде көкөністер мен азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасы төмендеді. Атап айтқанда, пияздың бағасы 20,7%, лимон – 13,9%, сәбіз – 13,6%, картоп – 13,4%, баклажан – 11,2%, қырыққабат – 10,1%, тәтті бұрыш – 6,5%, алма – 5,3%, алмұрт – 2,4%, сарымсақ – 1,3%, банан – 0,7% төмендеді. Сондай-ақ балалар тағамына арналған ботқалардың бағасы 6,1% және құмшекердің бағасы 1,3%, төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қол кремінің бағасы 6,9%, балалар жаялықтары – 6,6%, теледидар – 5,6%, ыдыс жуатын машиналар мен қысқа толқынды пештер – 1,8%, душқа арналған гель – 1,4% төмендеді.

2026 жылғы қыркүйекте жылдық мәндегі инфляция 9,3% құрады (2026 жылғы тамызда – 9,8%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,0%, ақылы қызметтер – 8,9%, азық-түлік тауарлары – 8,5% өсті.

2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасының төмендеуі жалғасты. Атап айтқанда, алманың бағасы 11,1%, лимон – 8,3%, қызылша – 6,9%, қырыққабат – 6,1%, банан – 5,6%, тәтті бұрыш – 3,9% төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда автомобильдердің бағасы 11,3%, электр жылытқыштар – 9,1%, кондиционерлер – 8,7%, электр еттартқыштар – 5,6%, балалар конструкторлары – 2,6%, медициналық маскалар – 1,7% төмендеді.

Сурет: stat.gov

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті